"Бірінші рет көрдім": Екі боксшы бір уақытта нокдаунға түсті
Опубликовано:
Бокс төрешісі Сальвадор Сальва Родригес өзі қызмет көрсеткен жекпе-жектің видеосын жариялады. Онда екі боксшы бір уақытта нокдаун алып қалды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

27 шілдеде екінші ең жеңіл салмақ дәрежесі бойынша WBA Fedecaribe белбеуі үшін жекпе-жек өтті.
Доминикан боксшысы Уильям Энкарнасьон мен никарагуалық Джованни Гутьеррес шаршы алаңда кездесті.
Айқастың үшінші раунда "double knockdown" болды.
Қос спортшы да бір уақытта соққы жасап, бір-бірін нокдаунға жіберді.
"Бокс төрешісі болғалы бірінші рет қос нокдаунды көрдім", - деді Родригес өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, кездесуде Гутьеррес өзінің қарсыласын төртінші раундында нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808531-birinsi-ret-krdim-eki-bokssy-bir-uakytta-nokdaunga-tsti/