Моңғолия президенті Дональд Трамптың 13 жастағы ұлына тұлпар сыйлады
Опубликовано:
Моңғолия президенті Халтмагийн Баттулга Дональда Трамптың 13 жастағы ұлы Бэрронға тұлпарды сыйға тартқан деп хабарлайды ca-news.org-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше моңғол мәдениетінде жылқының орны бөлек екен. Бұл ұлдарға берілетін дәстүрлі сый болып табылады. Айта кетерлігі, Бэррон – Дональд Трамптың үшінші әйелі Мелания Трамптан сүйген жалғыз ұлы.
Қазіргі таңда Моңғолия президенті мемлекеттік сапармен АҚШ-та жүр.
Моңғолия президенті Дональд Трапмппен кездесуін тет-а-тет форматында және кеңейтілген құраммен келіссөздер түрінде өткізген.
Сонымен бірге Халтмагийн Баттулга Моңғолияның үшінші елдермен сауда жөніндегі заңды талқылау үшін, АҚШ-тың заң шығару органдары өкілдерімен кездесу өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808553-mogolia-prezidenti-donald-trampty-13-zasar-lyna-tlpar-syjlady/