Бокстан әлем чемпионы туған қызын бірнеше жыл зорлағаны белгілі болды
Опубликовано:
48 жастағы аргентиналық боксшы Карлос Бальдомир туған қызын зорлағаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Спортшының кінәсі толықтай дәлелденді деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, сот орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионының өз қызын 8-9 жасында бірнеше рет зорлағанын дәлелдеді.
Карлос Бальдомирдің бұрынғы әйелі құқық қорғау органдарына 2016 жылы арызданғаны белгілі болды.
Алайда, тек 2019 жылы ған Санта-Фе соты боксшыны 18 жылға темір торға тоғыту туралы үкім шығарды.
Сотта спортшы тәртіпсіздік көрсетіп, жұртқа ортаңғы саусағын көрсетіп, балағат сөздер айтқан.
Айта кетейік, Карлос Бальдомир – орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Ол спорттағы мансабын 2014 жылы аяқтады. Экс-чемпион жұдырықтасқан боксшылардың ішінде Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Вернон Форрест сияқты танымал адамдар бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808772-bokstan-lem-cempiony-tugan-kyzyn-birnese-zyl-zorlagany-belgili-boldy/