Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяқ киімінде жатқан кобра үй иесін шошытты (фото)

Опубликовано:

Үндістанның Бхубанешвар қаласының тұрғыны аяқ киімінің ішінен кішкентай кобраны тауып алды деп жазады 120.su-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: Facebook

Ракеш есімді ер адам үйінен шығып, аяқ киімін кимекші болған. Бақытына орай, ол кроссовкасының ішінде тығылып жатқан кішкентай кобраны дер кезінде көріп қалған.

Сөйтіп, бірден жылан аулаушыларға хабарласқан.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: Facebook

Субхенду Маллик есімді жылан аулаушы кобраны тез ұстап, оны өзіне лайықты тіршілік ортасына апарған.

Жылан аулаушы жергілікті тұрғындарға аяқ киімін кимес бұрын, ішін міндетті түрде тексеруге кеңес берді. Өйткені, аяқ киімнің іші сарышаяндар мен бауырымен жорғалаушылардың сүйікті мекені.

Ұсталған кобра екі айлық кішкентай болған, алайда оның уының қуаты үлкен адамды өлтіруге толық жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811267-aak-kiimge-kirip-ketken-kiskentaj-kobra-j-iesin-sosytty-foto/

pixel