Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дені сау ұлына 13 рет ота жасатқан әйел 20 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Америкалық Техас штатының тұрғыны дені сау ұлын 323 рет ауруханаға апарып, 13 рет ота жасатқан. Енді өз кінәсін мойындаған келіншек 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Lenta сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кэйлин Боуэн-Райт. Фото: Dallas County Sheriff’s Office
Кэйлин Боуэн-Райт. Фото: Dallas County Sheriff’s Office: Facebook

35 жастағы Кэйлин Боуэн-Райт пен оның баласына қатысты іс бойынша сот отырысы 15 тамыз күні өтті. Келіншек 2009 жылдан 2016 жылға дейін 10 жастағы баласын ауруханаға 323 рет апарған. Сот материалдарына сәйкес, осы уақыт аралығында балаға 13 рет ота жасалған.

Кейіннен аурухана қызметкерлері әрекетке қабілетсіз азаматтардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау ведомствосына анасының сөзіне қарамастан, балада қатерлі ісік пен ешқандай ауру белгілері жоқ екенін айтып, шағымданған.

Қазір бала анасымен бірге емес.

Сот Боуэн-Райттың үкімін қазан айында шығарады. Ол баланың денсаулығына қасақана зиян келтіру бабы бойынша 20 жылға сотталуы мүмкін.

Баланың әкесі Райан Кроуфорд енді баланы жалғыз тәрбиелемек. Алдын ала болжам бойынша, Боуэн-Райт Мюнхгаузен синдромымен ауырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1811978-deni-sau-lyna-13-ret-ota-zasatkan-jel-20-zylga-sottaluy-mmkin/

pixel