Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам әйеліне ғашық болып қалған жиенін үйден қуып жіберді

Опубликовано:

АҚШ тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің әйеліне ғашық болған жиенімен сөзге келіп қалғанын жазды. Оның айтуынша, жігіт қысылмастан келіншекке сезімін білдіріп жүріпті деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ер азамат немере ағасының отбасы табыс табу мақсатында басқа қаладан олардың штатына көшіп келмек болғанын айтты. Сол себепті олардың отбасы жиірек кездесіп тұратын болған.

Кейіпкер жиенінің оның әйеліне көп көңіл бөле бастағанын сөз етті. Айтуынша, келіншекке жүректің суреті салынған ашық хаттар жіберіп, оны жақсы көретінін айтқан. Азаматтың жұбайы жігітке дұрыс көзқараспен қарап, әпкелік махаббатын білдірген.

Бір күні жиені сәбиімен бірге уақыт өткізбек болған келінешектің бөлмесіне кірейін деген. Мұны байқап қалған жігіттің әкесі есіктің алдына тұрып алып, кіруге рұқсат бермеген.

Ер азамат туысқандарының кешірім сұрағанына қарамастан олардың үйден кетуін сұраған. Ол болған жағдайды желіге жазып, жиенінің аутизм ауруымен ауыратынын айтқан. Өйткені ол қаншалықты дұрыс әрекет еткенін білгісі келіпті.

Желі қолданушылары азаматтың іс-әрекетін дұрыс деп тауып, оған қолдау білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812023-er-adam-jeline-gasyk-bolyp-kalgan-zienin-jden-kuyp-ziberdi/

pixel