Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралияда егде жастағы әйелді қораз шоқып өлтірді

Опубликовано:

Австралияның оңтүстігінде қораз шоқып алған егде жастағы әйел адам қаза болды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қайғылы оқиға әйелдің жұмыртқа жинап жатқан кезінде орын алды. Белгілі болғандай, қораз оны варикозды тамырынан шоқып алған. Соның салдарынан әйел адам көп қан жоғалтып көз жұмды.

Аделаида университетінің сарапшы криминалисті, профессор Роджер Байардтың айтуынша, үй жануарлары қарт адамдар үшін өздері ойламағандай қауіп тудыруы мүмкін. Ол егде жастағы әйел адамның мысық тырнап алғаннан кейін көз жұмғанын мысал ретінде келтіріп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814120-avstraliada-egde-zastagy-jeldi-koraz-sokyp-ltirdi/