Ең ұзын кеспе: Жапон аспазы әлемдік рекорд орнатты (фото, видео)
Опубликовано:
Жапондық аспаз Хироси Курода үшін жұмыртқа кеспесін жасау ешқашан қиындық тудырмаған. Алайда бұл жолы ол ең ұзын кеспе жасап, әлемдік рекорд орнатты деп жазады 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аспаз жұмыс жасайтын мейрамхананың қонақтары үнемі "кеспе қаншалықты ұзын бола алады?" деп сұрайтын.

Ал, Хироси "өте ұзын" деп жауап беретін көрінеді. Сөйтіп, ол әлемдік рекорд орнатуды көздейді.

Алдымен кеспені қамырдан қолмен жасау, содан кейін қалыңдығын реттеп барып қазанға лақтыру - ер адамға біраз қиындық тудырған.

Хироси кеспені қазанға бір сағат салыпты. Оны бірден дайындап, суытып, өлшеген.

Сөйтіп аспаз әлемдік рекорд орнатты. Оның жасаған кеспесінің ұзындығы 183,72 метр болған. Оны тамашалағандардың бәрі таңданыстарын жасыра алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1814663-e-zyn-kespe-zaa-lemdik-rekord-ornatyldy-foto-video/