Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уилл Смит, Джанет Джексон: ислам дінін қабылдаған әлемге әйгілі жұлдыздар кім

Опубликовано:

Мұхаммед Әли, Уилл Смит
Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли және актер Уилл Смит. Көрнекі сурет: Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: UGC

Ислам - логикалық түйіні бар, көпшіліктің жанына тыныштық ұялататын дін. Сол себепті бұқаралық ақпарат құралдарында жұлдыздардың Алланың жолына түскенін жарыса жазады. KAZ.NUR.KZ ұсынған тізімнен ислам дінін қабылдаған танымал тұлғалар жайлы біле жүріңіз.

Әлемдегі атақты адамдар арасында кімдер ислам дінін қабылдаған?

Ислам дінін қабылдаған атақты тұлғалардың арасында әншілер, әртістер мен спортшылар бар. Олар әр түрлі жағдайда ислам дінін қабылдаған. Атақты адамдардың кейбірі ислам дінін қабылдағаннан кейін есімдерін өзгерткен.

Джермейн Джексон

Иегова куәгері болған танымал әнші Джермейн Джексон 1989 жылы Бахрейн қаласына барған сапары кезінде ислам дінін қабылдады.

Мұхаммед Әли

Кассиус Марцеллус Клэй 1964 жылы 22 жасында өзінің алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алған. Ал содан кейін бір апта өткен соң есімін өзгерткен.

Сол кезде көпшілік оның Ислам Ұлты ұйымының мүшесі екенін білген. Алғашында жұрт бұл шындықты қабылдай алмады.

Әли әлем өзін ұлы тұлға ретінде тану үшін өз-өзімен жұмыс істеген.

Уилл Смит - әнші, актер

Уилл Смиттің айтуынша, ол Мұхаммед Әли жайлы фильмнің түсірілімі кезінде ислам дініне деген қызығушылығы пайда болған.

Фильм желісі бойынша актер боксшының рөлін сомдады. Басты кейіпкердің өмірбаянын егжей-тегжейлі зерттеген актер оның ой-өрісіне таңданған.

Шон Стоун

Оливер Стоунның ұлты – еврей, оның жары христиан дінін ұстанады, ал олардың ұлы Шон Стоун 27 жасында ислам дінін қабылдады.

Франк Рибери

Француз футболшысы Алжирдан шыққан бала күнгі махаббаты Вахибе Бельхамиге үйлену үшін 2006 жылы ислам дінін қабылдаған. Рибери Біләл есімін алды. Ол 2013 жылы "Еуропаның үздік футболшысы" атағына ие болды. Мюнхендық "Бавария" командасында ойнаған футболшы 2022 жылы карьерасын аяқтады.

2024 жылдың ақпан айындағы ақпаратқа сүйенсек, футболшы "Бавария" юниор командасының жаттықтырушысы болып тағайындалуы мүмкін. Спортшының екі қызы және екі ұлы бар.

Майк Тайсон

Майк Тайсон – 1966 жылы АҚШ-та (Бруклин, Нью-Йорк) дүниеге келген.

Тайсон тек танымал спортшы ғана емес, сондай-ақ, шатақ мінезді тұлға. Оның эмоциясын ұстай алмауы түрмеге тоғытты.

Ол дәл сол жерде ислам дінін қабылдап, Алланың жолымен жүре бастады. Содан кейін өмірі жақсара бастаған екен.

Мәлік Абдул Әзіз (Майктың есімі) түнгі сағат 2-де оянып, спорт залға барып, денесін жаттықтырады.

Q-Tip

Америкалық әнші Джонатан Дэвис 90 жылдары Құранды оқығаннан кейін ислам дінін қабылдаған. Қасиетті кітапты оқыған өнер иесінің өмірі мен көзқарасы өзгерген екен.

Джанет Джексон

Майкл Джексон мен Джермейн Джексонның әпкесі Джанет катарлық миллиардер Висам Әл-Манамен некеге отырғаннан кейін өмірі өзгере бастаған.

Ол қысқа белдемшелер мен ашық киімдердің орнына орамал тағып, жабынып жүретін болған.

Сонымен қатар, оның мінезінде де өзгерістер байқала бастапты. 2017 жылы Джанет алғаш рет ана атанып, Иса есімді ұлды дүниеге әкелген.

Akon

Америкалық R&B және хип-хоп орындаушы Akon-ның мұсылман екенін көбі біле бермейді. esquire.kz ұсынған мәліметке сүйенсек, өнер адамы өмірінде ешқашан шылым шекпеген және ішімдік ішпеген.

Akon-ның жобаларының арқасында Африкадағы 600 миллионға жуық адам электр жарығымен қамтамасыз етілді. Akon Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалмайды, себебі ол - вегетериан.

Әнші Akon
Атақты реп орындаушысы - Akon. Көрнекі сурет: esquire.kz

Зинедин Зидан

Аты аңызға айналған "Ювентус" және "Реал Мадрид" командаларының ойыншысы болған, әлемнің және Еуропаның бірнеше рет үздік футболшысы атанған Зинедин Зидан өзінің мұсылман екенін әркез айтып жүреді. Алайда ислам дінінің қағидаларын қатты ұстана бермейтінін де жасырмайды.

Француз спортшысының әкесі Смаил Зидан - алжирлік мұсылман. Алжирдегі соғыс кезінде Францияны паналаған Смаил соғыс аяқталған соң еліне оралар кезде Малика есімді аруды кезіктіреді. Алайда ол қыз Алжирге кері қайтпайтынын, Марсельде тұрақтап қалатынын айтады. Осылайша екеуі бас қосып, бес баланың ата-анасы атанады. Соның бірі - Зинедин Зидан.

Зинедин Зидан
Әйгілі футболшы - Зинедин Зидан. Көрнекі сурет: esquire.kz

Шакил О’Нил

Әйгілі америкалық баскетболшы Шакил О’Нил өте мықты спортшы болған. Бойы 2 м 16 см баскетболшы қарсыластарына ешқашан есе жібермеген. Оның ислам дінін қабылдауына өгей әкесі септігін тигізген деседі.

Шакил О Нил
Әйгілі баскетболшы - Шакил О’Нил. Көрнекі сурет: esquire.kz

"Кто из известных людей принял ислам и почему" мақаласында Шакилдің Меккеге қажылыққа барып келгені жайлы да жазылған.

Егер өгей әкем болмаса, мен биологиялық әкеме ұқсап көше кезіп, оқ атып, есірткіге құмартып кетер ме едім, - дейді спортшы.

Ислам дінін қабылдаған танымал тұлғалардың әр түрлі оқиғасы бар. Олар жүрек тыныштығын, өзін-өзі табу жолын исламнан іздеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815545-islam-dinin-kabyldagan-tanymal-tlgalardy-kim-ekenin-bilesiz-be/

pixel