Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Апалы-сіңліге қатты ұқсағысы келген жан құрбылардың арманы орындалды (фото)

Опубликовано:

Швецияның Стокгольм қаласынан шыққан Юлия Бергман мен София Хагенлёф алты жасынан бері бір-бірінен ажырамаған. Бүгінде жиырма жастағы арулар апалы-сіңліге ұқсау үшін екпеге жүгініп, бірдей киіне бастаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Юлия мен София бар уақытын бірге өткізген. Таңда ең біріншіден қыздар бір-біріне хабарласып, хал сұрасатын.

Алайда өздерінің сырт келбетіне көңілі толмаған арулар 14 жасында спортзалға жазылып, бірге жаттығу жасаған. Алайда бірге өткізген уақытты жеткіліксіз деп санаған олар апалы-сіңлі болуды шешіпті.

О баста қыздар бірдей киініп, шаштарын қараға бояп, тырнақ пен кірпік жасатты. Бірақ бұл да аздық еткен соң, София мен Юлия ерніне, жақ сүйегіне, иегіне екпе салдырған. Енді көшедегілер оларды расымен де апалы-сіңлі деп ойлайтын болды.

София мен Юлияның туыстары спортзалда тек ер адамдар жаттығады деп есептегендіктен, о бастан қыздардың шешімін құптамады.

Ал бойжеткендер косметологқа жүгінгенде мүлде наразылық білдіре бастады.

Арулар әлеуметік желідегі суреттерінің астында жазылған жағымсыз пікірлерді оқуға мәжбүр, дегенмен олар бұған бола еңселерін түсірмейді.

"Біз күштік жаттығулар ер адамдарға жақын болғандықтан, оны нәзіктікпен теңестіргіміз келді. Мәселен, екпе егіп, тырнақ жасатып", - дейді сылқымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1817374-apaly-silige-ksagysy-kelgen-zan-krbylar-otany-arkasynda-bir-birinen-ajnymaj-kaldy/

pixel