Ернін шамадан тыс үлкейткен ару адам шошырлық күйге түсті (фото)
Опубликовано:
22 жастағы болгариялық Андреа Эмилова Иванова әлемдегі ең үлкен еріннің иесі атанғысы келіп, он шақты клиникада 15 рет үлкейту процедурасын жасаған. Қазір қыздың өз көркіне көңілі толып жүр деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Андреа осы уақытқа дейін әр процедураға 60 мың теңге төлеп келген.
"Маған қазіргі ернім бұрынғыға қарағанда қатты ұнайды. Мен өзімді бақытты сезінемін, үлкен ерінмен сәнді әрі әдемі көрінемін" ,- дейді ол.
Бүгінде бойжеткен филолог мамандығы бойынша білім алуда. Ол жақында Instagram желісінде парақша ашып, көптеген қолданушының қызығушылығын тудырды. Қазір оның 15 мыңнан аса оқырманы бар.

Желі қолданушылары қызға қанша кеңес бергенімен, Андреа ерні үшін тек өзі жауап беретінін айтады.
"Мен біреуге үлкен ерніммен ұнаймын, енді біреуге кіші ерніммен ұнаймын. Бірақ, бұл маңызды емес" , - деді ол.
Андреа әрдайым ернін үлкейтуді қалаған. Оның пікірінше, бұл тәуелділік емес, сұлулық идеалына сәйкес келудің жолы-мыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818629-ernin-samadan-tys-lkejtken-aru-adam-sosyrlyk-kjge-tsti-foto/