Октагонға хиджабпен шыққан спортшы қыз есінен танып қалды
Опубликовано:
Румынияның Сибиу қаласында MMA Real Xtreme Fighting 35 турнирі өтті. Титулды жекпе-жекте румындық Анна Мария Паль мен Иран спортшысы Самерех Киани кездесті деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Спортшы қыздардың айқасы 19 секундқа жалғасты. Паль ирандық қарсыласына тұншықтыру әдісін қолданып, жеңіп кетті. Соның нәтижесіндегі хиджабтағы спортшы қыз есінен танып қалды.
Айта кетейік, арулар 56,7 келе салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.
Бұл румыниялық спортышының екінші жеңісі болып табылады. Ал ирандық қыз кәсіби деңгейде алғаш рет октагонға көтерілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1818649-oktagonga-hidzabpen-sykkan-sportsy-kyz-esinen-tanyp-kaldy/