Жігіт сүйіктісіне жасырын түрде 30 рет сөз салған
Опубликовано:
Канада тұрғыны Колтон Ватерс сүйіктісіне сөз салуға бел байлаған. Бірақ біршама ерекшеленуді көздеген ол бұл істі сауық-сайранға айналдырып жіберген деп хабарлайды 120.su-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Даниэль Кэмпбелл есімді ғашығымен шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған жігіт неке жүзігін сатып алып, біраз уақыт өзінде сақтап жүрген.

Сүйіктісінің назары басқа жаққа ауған кез келген сәтте әзілқой жігіт жүзікті алып шығып, арудың ту сыртынан суретке түсіре беріпті.

Ол сондай-ақ ғашығы ұйықтап жатқан кезде жүзікті оның қолына салып суретке түсіріп алған. Ал Даниэль болса, жігітінің не ойластырып жүргенінен мүлдем бейхабар болған көрінеді.

Әзілқой жігіттің коллекциясында мұндай суреттердің 30-дан астамы жиналған кезде, ол ақыры сүйіктісіне сөз салуды ұйғарған. Келісімін берген қыз жігіттің жинаған суреттерін көріп таңғалған екен.

Енді ғашықтар тойға дайындалуда. Ал әзілқой жігіттің үздік суреттері үйлену тойының альбомын қызықтыра түсері анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1820430-zigit-sjiktisine-zasyryn-trde-30-ret-sz-salgan/