Ғалымдар төстартқыш тақпаған әйелдің омырауында не өзгеретінін айтты
Опубликовано:
Ғалымдар әйелдер төстартқышының денсаулыққа пайдасы туралы мәлімдеді. Олардың сөзінше аталған іш киім тірек қызметімен бірге қорғау қызметін де атқарады екен деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Олардың айтуынша, төсі үлкен әйелдер төстартқыш тақпаса, оның қан айналымы жүйесі бұзылады екен.
"Сүт бездерінде күшті бұлшық-ет талшықтары болмайды. Сондықтан, үлкен төсі бар әйелдер төстартқыш тақпай, омырауларын "тіреуішсіз" қалдырса, бұлшықет талшықтарының созылуы байқалады. Ал бұл өз кезегінде ағзадағы қан айналымы жүйесіне зақым келтіруі мүмкін", - дейді мамандар.
Олар тек төстартқыштан төсі үлкен емес арулар ғана бас тарта алады деген болжамға келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1822944-galymdar-tstartkys-takpagan-jeldi-omyrauynda-ne-zgeretinin-ajtty/