22-ші рет жүкті болған британиялық әйел әлемді таң қалдырды (видео)
Опубликовано:
Ұлыбритания тұрғыны Сью Рэдфорд өмірінде 22-ші рет ана атанғалы отыр. Бұл жаңалықпен ол өзінің Youtube-арнасында бөлісті деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Көпбалалы ана өз арнасының көрермендеріне ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) нәтижелерін көрсетті.
44 жастағы британиялық келіншектің айтуынша, қазір ол жүктіліктің 15-ші аптасында, сәбидің жынысын білетін сәтті тағатсыздана күтіп отыр екен.
Ол нәрестенің ұл болғанын қалайтынын жасырмады. Себебі, ұл туса, отбасында 11 қыз, 11 ер бала болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823272-22-si-ret-zkti-bolgan-britanialyk-jel-lemdi-ta-kaldyrdy-video/