RU

Үйдің ауласында жүрген екі басты жылан жұрттың үрейін ұшырды

Өз ауласынан екі басты жорғалаушыны көрген қытайлық фермер өмірінде ең қорқынышты сәтті басынан кешірді деп жазады 120.su порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Хэбей аймағындағы Шэньчжоуда тұратын фермерге қонаққа екі басты жылан келген. Қорқынышты мейманды видеоға түсіріп алған фермер, онымен байланыспауды жөн көріпті. Жылан да аулада жорғалап, басқа жаққа кетіп қалған.

Ғаламтор бетінде жарияланған видео көпшілікті таңқалдырып қана қоймай, елдің бәрін шошытып тастаған.

Көпшілік бұған дейін мұндай екі басты жылан көрмегендерін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824518-jdi-aulasynda-zrgen-eki-basty-zylan-zrtty-rejin-syrdy-video/