Қылмыс өршіп тұрған, әлемдегі ең қауіпті қалаларды білесіз бе
Жарияланған күні:
Әлемдегі ең қауіпсіз қала Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы - Әбу Даби екені анықталды. Ал ең қауіптілер тізімін Венесуэланың Каракас қаласы бастаған. Рейтинг жасау барысында жол апаты, инфрақұрылым, денсаулық сияқты факторлар назарға алынған. Numbeo порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға жаһандағы ең қауіпті елдер тізімін ұсынады.
1. Каракас, Венесуэла
Каракас - Венесуэланың астанасы. Бұл Венесуэланың қызметтік, банктік, сауда орталығы. Мұнда көптеген театр, музей, мейрамхана, сауда орталықтары бар. Дегенмен, бұлар қауіпсіз қала қатарына кіруге мүмкіндік бермеген. Шаһардың қылмыстық индексі - 85,26.
2. Питермарицбург, Оңтүстік Африка
Питермарицбург - Оңтүстік Африкадағы миллионер қала, ірі мегаполис. Қылмыс индексі - 82,94.
3. Порт-Морсби, Жаңа Гвинея
Жаңа Гвинеяның астанасы - Порт-Морсбидің негізі 1873 жылы қаланған. Қалада алаяқтық қылмысы өршіп тұр. Мұнда автоұрылар, қалта ұрылары толып жүретін көрінеді. Осы себепті де, бұл қаланың қылмыс индексі - 81,21 болуы мүмкін.
4. Сан-Педро-Сула, Гондурас
Гондурас елінің қаласы - Сан-Педро-Сула да қауіпті шаһар тізімінде бар. Бұл қала ең қауіпті қалар тізімінде бірнеше рет көш бастаған. Индексі - 81,17.
5. Претория, Оңтүстік Африка
Претория - Оңтүстік Африкдағы заманауи, труистер баратын қала. Дегенмен, қыдырып барғысы келетін туристер үшін құлаққағыс: бұл қалада қылмыс деңгейі өте жоғары. Белгілі бір қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, келеңсіз жағдайға тап болуыңыз ықтимал. Қылмыс индексі - 81,16.
6. Дурбан, Оңтүстік Африка
Оңтүстік Африканың тағы бір үлкен қаласы - Дурбанда қылмыстық индексте алдыңғы қатарда тұр. Шаһардың негізі 1835 жылы қаланған. Туризм жақсы дамыған аймақ. Десе де, қауіптілік деңгейі өте жоғары. Қылмыс индексі - 80,42.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1825536-kylmys-rsip-trgan-lemdegi-e-kauipti-kalalardy-bilesiz-be/