Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ықылықтың сәби денсаулығына пайдасы анықталды

Опубликовано:

Ғалымдар адамдарға ықылық тигенде олардың денсаулықтарында не өзгеретінін болжады. Олардың пайымдауынша, ықылық тию әсіресе сәби денсаулығына пайдалы екен. Себебі ықылық арқылы олардың ми жұмысы жақсаратын көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото pixabay.com
Көрнекі фото pixabay.com: Depositphotos

Британияның Лондон университеттік колледжі ғалымдары ықылық тигенде, сәбилердің ми жұмысы жақсаратынын айтқан. Зерттеушілердің сөзінше ықылық сәбиге ана құрсағында жатқанда, тоғыз айдан бастап тиеді екен.

Әсіресе ықылық шала туған нәрестелерде ұзағынан тиеді. Оларға он бес минут бойы тоқтамастан ықылық тиюі мүмкін.

Зерттеу 30-42 апта аралығындағы сәбилерге, олардың миын сканерлеу арқылы жүргізілген.

Сол сәтте олар ықылық тиген сайын, шақалақтардың миы белсенді түрде жұмыс істейтіндігін байқаған. Сонымен бірге олар ықылық арқылы сәбилердің тыныс алу жүйесі де қалыптасатынын дәлелдеген.

Ғалым Кимберли Уайхедтің айтуынша, ықылық адам өміріндегі құрсақта жатқаннан бастап дамитын, ми жұмысына оң әсер беретін, қалыпты құбылыс екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1826916-ykylykty-adam-densaulygyna-pajdasy-kandaj/

pixel