Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 жастағы оқушы қызға үйленген имамның басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Татарстандық Камила Асылгараеваның жасы 14-те болса, оның жары Расул Салиховтың жасы – 29-да. Былтырғы жылы күзде танысқан олар бір-бірімен қыз бен жігіт ретінде араласа бастаған. Алайда дін ережелеріне байланысты олар бұлай араласа алмағандықтан, үйленіп, отбасын құру туралы шешім қабылдайды. Десе де "қос ғашықтың" махаббат хикаясы ұзаққа бармай, имам түрмеге тоғытылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ mash.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: mash.ru
Фото: mash.ru: Instagram

Белгілі болғандай ер адам мешітте имам қызметін атқарса, бойжеткен сонда сабаққа барып жүріпті. Расул шәкіртіне араб тілі мен Құранды оқытқан. Сөйтіп екеуі бір-біріне ғашық болған.

Алайда Расул дін адамы болғандықтан, кішкентай қызбен жай араласа алмайтынын біліп, қыздың ата-анасының алдынан өткен. Олар қарсылық білдірмей, қыздарын Расулға ұзатқан.

Мұсылман некесі – никахтан кейін қыз бала әкесінің үйінде қалған. Себебі ата-анасы қыздары 16-ға толғанша үйде болады деген талап қойған.

Алайда шілде айында ерлі-зайыптылар жайлы құқық қорғау органдары біліп қойған. Шенеуніктер мен қамқорлық органдары аталған некеге қарсы болған.

Ал 8 шілде күні Камиланың анасы Раиляға полицейлер келіп, қызын жасы үлкен адамға тұрмысқа бердің деп айыптапты. Десе де қыздың ата-анасы неке қиылғанымен, ерлі-зайыптылардың араларында ештеңе болмағанын жеткізген.

Ал аз уақыт өткен соң ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Расул Салиховты Ресей Дедерациясының Қылмыстық кодексінің 134 бабы "Жасы он алтыға жетпегенге сексуалды сипаттағы әрекет көрсетті" деген бап бойынша айып тағылды. Бүгінде ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сол сияқты қыздың анасы да қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол қылмысқа қатысы бар деген дерек бойынша айыпталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1827988-14-zastagy-okusy-kyzga-jlengen-imamny-basy-blege-kaldy/

pixel