Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз тойында мойнына әшкейлердің орнына қызанақ тағып шыққан қалыңдық жұрттың көңілін көтерді

Опубликовано:

Пәкістан тұрғыны өзө тойында зергерлік бұйымдардан бас тартып, мойнына бағасы қымбаттаған қызанақтарды әшекей ретінде тағып шыққан. Бойжеткеннің мұндай таңдауы көпшілікті таңғалдырмай қоймады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Қалыңдық қымбаттап кеткен қызанақтарды әшекей ретінде тойда қолданған
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желіде өзін қызанақтармен әсемдеп алған қалыңдықтың видеосы тарап кетті. Мұндай таңғажайып образ желі қолданушыларын бей-жай қалдырмағаны анық.

Белгілі болғандай, бұл елде қызанақтар бағасының күрт өсуі байқалды. Сол себепті ару қымбат көкөніс алтынның орнын басады деген оймен оларды мойнына тағып алыпты.

Қызыл түсті қызанақтан сырға, білезік, моншақ жасап, тойында жарқырап жүрген қалыңдық көпшілікті таңдай қақтырды.

Сондай-ақ, ару өзге келіншектерден ерекшеленіп, өзіне осылайша назар аудармақ болыпты.

Оқырмандар қалыңдықтың мұндай "ерекше" образына сынға алмаса да, бейнежазба астында әзіл-шыны аралас жазба қалдырды.

Олардың басым бөлігі аруды Пәкістанның ең бай қалыңдығы деп атап, бір күліп алған.

"Құдайым-ау, бұл не", "Неткен жаңашылдық еді", "Мына жерде біз күліп, көңілімізді көтеріп отырғанда, бұл мәселенің екінші жағы бар екенін де ұмытпау керек. Біреулер үшін бұл күлкілі жағдай емес", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1828146-z-tojynda-mojnyna-skejlerdi-ornyna-kyzanak-tagyp-sykkan-kalydyk-zrtty-kilin-kterdi/

pixel