Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бет-әлпеті қарт кісі секілді көрінетін жасөспірім мектепке бармай қойған

Жарияланған күні:

Қытайдың Ляонин провинциясында жасөспірім қыз сирек кездесетін генетикалық ауытқу - прогериямен ауырады. Небәрі 15 жастағы қыздың бет әлпеті егде жастағы қарт адамға ұқсайды деп жазады KAZ.NUR.KZ doctor.rambler.ru-ға сілтеме жасап.

Бет жүзі 80-дегі қариядан аумаған жасөспірім мектептен шығып қалған
Фото: lenta.ru: UGC

Жасөспірімнің әкесі қыздың ауруы анасынан берілгенін айтады.

"Ауру Сяо Фэнға анасынан берілді. Біз оны дәрігерлерге апарып, тексеріп, сараптамадан өткізген жоқпыз. Анасы да прогериямен науқастанды. Сол себепті біз аурудың балаға анасынан берілгенін жақсы білдік", - деп түсіндірді әкесі.

Әжім басқан тері мен салбыраған бет әлпетінен қарт адам секілді көрінетін Сяо Фэн сырқатынан салдарынан сыныптастарының күлкісіне қалғандықтан мектепке барудан да бас тартқан.

"Қатарластарымның арасында ерекшеленіп тұрамын. Сол себепті жұрт алдына шығуды қойдым. Мектепте ауыз толтырып айтарлықтай досым болған емес. Сыныптастарым менің ұсқынсыз екенімді айтатын", - дейді жасөспірім.

Қыз бала филантроп Го Минъиға хат жазып, көмек те сұраған.

"Мен барлық қатарластарым секілді өмір сүргім келеді. Жол жөнекей кетіп бара жатқан адамдардың көзқарасынан сескенбей, емін-еркін далада жүруді қалаймын. Мектепке оралып, сыныптастарым мені ту сыртымнан мазақ етеді деп қорыққым келмейді. Дәрігер оқуын оқысам деймін. Бұл туралы жиі армандаймын", - деп жазды ол өз хатында.

Минъи мамандармен кеңесіп, жасөспірімнің еміне қаражат жинауға қуана кірісті.

Сяо Фэннға шамамен 506 мың қытай юанын қажет ететін бірнеше пластикалық ота жасатуға тура келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1830585-bet-zzi-kart-kisi-sekildi-krinetin-zasspirim-mektepke-barudy-kojgan/