Гепатит анықталды: Дүкендегі косметиканың зияны туралы білесіз бе
Жарияланған күні:
Дүкендердегі косметика сынамаларында денсаулыққа зиян патогенді микроағзалар көп. Бұл туралы бірқатар дәрігерлер мен мамандар айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап.
"Әр түрлі зерттеулерде микробиологиялық сынақтарды жүргізген кезде стафилококтар, зең саңырауқұлақтары, ашытқы және көк таяқшасы табылды", - дейді дәрігер-дерматолог Наталья Васильева.
Сонымен қатар, косметикалық тауардан герпес пен гепатит анықталды.
Вирустар қарындаштар, далаптар мен қылқаламдарға оңай түседі, өйткені сатып алушылар оларды лас қолмен ұстап, еденге құлатады. Одан бөлек, бактериялар сынамаларға шаң болып түсіп, артынша шөге бастайды екен.
Зерттеу жұмыстарына сәйкес, дүкендегі ашық косметикалық тауарлардың 90 пайызы зарарланған болып шығады. Егер қолда микрожарақаттар болса, сынамаларды қолға жағу да зиян болуы мүмкін.
Сарапшылар ерлерге арналған ұстара керек-жарақтары мен косметика да қауіп төндіретінін атап өтті.
Дәрігер-косметолог Татьяна Баллиран науақастар көбіне инфекцияның косметикадан түскенін білмегендіктен, дәрігерлерге бармайды дейді.
"Бөртпе, кішкентай нүктелер, беттегі ірің болуы мүмкін. Расымен, спонждар мен қылқалам туралы ешкім ойламайды. Сондықтан, емдеу процессі ұзақ болады", - деп түсіндірді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1831347-drigerler-dkendegi-kosmetika-synamalaryny-ziany-turaly-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.