jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақмола облысының барлық өңірлері мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды

    : Facebook

    Ағымдағы 2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында мемлекеттік субсидия алу үшін жалпы сомасы 3 млрд теңгеге 68 жоба мақұлданды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Ақмола облысының барлық өңірлері мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды
    Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

    Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі басшысының ақпараты бойынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы (2010 жылдан бастап) Ақмола облысында 140,4 млрд.теңге сомасына 1182 жоба мақұлданды.

    «Мемлекеттік қолдау шараларымен облыстың барлық өңірлері қамтылған, олардың ішінде Көкшетау, Степногорск қалалары, сондай – ақ Бурабай, Целиноград, Атбасар, Зеренді, Бұланды және Ақкөл аудандары белсенді қатысады», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Сандуғаш Алшынбаева.

    Оның айтуынша, «Новопэк» ЖШС, «Елім Ай 2005» ЖШС, «Ақмола-Феникс» АҚ, «Макинск құс фабрикасы» ЖШС, «Импульс СТ» ЖШС, «Авиценна-Бурабай» ЖШС, «Аскоп» ЖШС сияқты компаниялар мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржылай қолдау алған аймақтағы ірі жобалар болып табылады.

    «Ағымдағы 2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік субсидия алуға жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын 68 жоба мақұлданды. «Даму» Қорының жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 69 кепілдігі берілді», - деп толықтырды С. Алшынбаева.
    Ақмола облысының барлық өңірлері мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.