Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтті кадр алу үшін үш жылын сарп еткен фотограф әлем жұртшылығының назарына ілінді

Опубликовано:

Beboy атты француз фотографы күннен сәтті кадр алу үшін үш жыл бойы әлемнің көптеген елдерін аралаған. Оның өмірге алып келген суреттері көпшіліктің көзайымына айналып үлгерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы bigpicture.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/beboy_photography
Фото: Instagram/beboy_photography: Instagram

Фотограф суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп отырады.

Оның қазіргі уақытта 50 мыңға жуық оқырманы бар.

Назарларыңызға француздық азаматтың қолынан шыққан сәтті кадрларды ұсынамыз.

Торонто, Канада

Исландия

Франция, Париж

Франция, Прованс

АҚШ, Аризона

Хорватия

Аустралия

Малайзия, Куала-Лумпур

Грекия, Метеор

Камбоджа

Еске сала кетсек, NUR.KZ редакциясының фототілшісі қалай жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.

Петр Карандашов қызметі туралы айтып берді.

"Редакцияның маған деген көзқарасы түзу. Жұмыс кестем икемді. Фотожурналистика саласындағы жұмыс тәжірибеме сүйене отырып, NUR.KZ-те жұмыс үшін ең қолайлы жағдай жасалғанын айта аламын. Редакция маған қамқорлық көрсетіп, үнемі техниканы жаңартып отырады. Барлығы керемет. Компания қызметкерлердің дамуына мүдделі", - деді ол.

Сондай-ақ, маман фототілші болу үшін не істеу керектігін жеткізді.

"Фототілші ештеңеден тайынбайтын және өз жұмысына құмарлықпен қарайтын адам болуы керек. Оқиға орнында немесе ресми іс-шарада сасқалақтамау қажет. Барлығы секілді бірыңғай емес, эксклюзивті фото түсіру маңызды. Белгілеген нысаныңа жетіп, қажетті кадрды ұстай білу керек. Табиғи жағдайлар, адамдардың шоғырлануы, төбелес немесе полиция жиі кедергі келтіруі мүмкін. Сондай кездерде эмоцияға берілмесеңіз, жақсы фотолар түсіресіз. Барлығы да тәжірибемен келеді", - деді NUR.KZ редакциясының қызметкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1834951-fotograf-knnen-stti-kadr-alu-sin-s-zyl-uakytyn-krtkan/

pixel