Танымал адамдардың макияжсыз келбеті қандай
Жарияланған күні:
Қазіргі уақытта адам келбетіне автоматты түрде макияж жасап, кірпігін ұзартып, ернін үлкейтетін мобильдік қосымшалар бар. Осы мүмкіндікті пайдалану арқылы бұл күндері әдемі селфи жасайтындардың қарасы көбейді. Бұндай "әдемі" суреттер желіде толып тұр. Ал адам бетіндегі шын бояуды "сүртіп" тастайтын қосымша пайда болды десе сенер ме едіңіз? KAZ.NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап ерекше мобильдік бағдарламаның көмегімен жұлдыздардың макияжсыз келбетін көрсетеді.
Бұл мобильдік қосымша MakeApp деп аталады. Оның функциясы өте ерекше болып табылады. MakeApp арқылы танымал адамдардың макияжсыз "шынайы бет-әлпеттерін" көруге болады.
Назарларыңызға атақты шоу-бизнес өкілдерін ұсынамыз.
1. Анджелина Джоли
2. Дженнифер Энистон
3. Николь Кидман
4. Виктория Бэкхем
5. Кэти Перри
6. Скарлетт Йоханссон
7. Бритни Спирс
8. Кендалл Дженнер
9. Адель
10. Ким Кардашьян
Еске сала кетсек, осыған дейін 2019 жылы Инстаграмда ең көп қаржы тапқан жұлдыздар жайлы жазған болатынбыз.
Көшті "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында аргентиналық футболшы Лионель Месси.
Желі арқылы пайда табу жолында алғашқы үштікті Кендалл Дженнер қорытындылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1835151-tanymal-adamdardy-makiazsyz-kelbeti-kandaj/