Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сиыр сүтінен жеті есе жоғары": Саумалдың пайдасы туралы естігенсіз бе

Жарияланған күні:

молоко в графине и стакане
Фото: UGC

Әлемде және елімізде бие сүтіне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Арнайы мамандар саумалды зерттеу, оның адам ағзасына тигізетін пайдасын анықтаған. Осы өнімнің емдік қасиеттері туралы мәліметті KAZ.NUR.KZ порталы faktiler.kz сайтына сілтеме жасап ұсынады.

Ғалымдардың пайымдауынша, саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім.

  • Ол ағзаға сіңірілу кезінде, ас қорыту процесіне қатысатын органдарға (асқазан, ұйқы безі, бауыр, ішек) үлкен жүктеме жасамайды. Сондықтан, дененің қалыпқа келу процесін жылдамдатады.
  • Саумал метаболизмді қалыпқа келтіруге, суық тию мен тұмаудың алдын алуға және қатерлі ісік ауруын емдеу үшін қолданылады.
  • Ол қан айналымын жақсартып, ер азаматтардың потенциасын күшейтеді.
  • Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады.

Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар бар. Айта кету керек, бұндағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді.

Ал құрамындағы С дәруменінің мөлшері, сиырдың сүтінен 7 есе жоғары.

Еуропаның ғалымдары саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді.

Көптеген адамдар бие сүтін қалай қолдану керектігін біле бермейді.

  • Негізінде саумалды күніне 4-5 рет, тамақтанудың алдында 20-30 минут бұрын, 250 милиграммнан ішкен абзал.

Осылай жалғасса бір аптадан кейін, адамның көңілі көтеріліп, ұйқысы жақсарып және тәбеті ашылады.

Емделу уақыты – 1 ай.

Алайда толық пайда алу үшін, кейбір ережелерді сақтаған жөн.

Мысалы, бие сүті сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде негізгі қасиеттерін жоғалтады.

Бірақ саумалды мұздату арқылы "өмірін" ұзартуға болады. Сол уақытта табиғи өнім барлық биологиялық белсенді компоненттер мен дәрумендерін сақтайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін, бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836018-siyr-stinen-zeti-ese-zogary-saumaldy-pajdasy-turaly-estigensiz-be/