Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам ағзасын қартайтатын тағамдар жайлы не білесіз

Жарияланған күні:

Мамандар адам денсаулығына зияндығын тигізіп қана қоймай, жастық шақ пен сұлулықты кері әсеріне тигізетін тағамдар туралы айтты. Олар тұрғындарды бұл азықтардан бас тартуға немесе жиі қолданбауға шақырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

1. Қант

Ағзадағы қант мөлшерінің көптігігі химиялық реакцияны топтастырады. Стресс төзімділікті азайтып, қартаю үрдісін ұлғайтады. Егер Сізді тәтті тартып тұрса, марганец, хром, магнийі бар тағамдар (мысалы, дақылдар, асқабақ) жеңіз. Ғалымдардың дерегінше, ағзадағы бір минералдың жетіспеуінің өзі тәттіге деген құмарлықты арттырады. Осындай уақытта мамандар қант орнына одан да тәттірек, алайда зияны жоқ азықты қолданып көруге шақырады.

2. Кофе

Тез сергітетін кофе де зиянды тағам қатарында. Ол терінің құрғауына алып келіп, әжімнің ерте пайда болуына себепкер. Мамандар кофеге әуес адамдарды, аталған өнімді аз қолдануға шақырады. Олар ағзадағы баланс қалпы бұзылмау үшін бір кесе кофеден кейін міндетті түрде үш стакан су ішуді ұсынады.

3. Спиртті ішімдіктер

Ең зиян азықтың қатарында алкоголь тұр. Әжім, терінің құрғауы, бет терісінің қараюы – бәрі-бәрі ішімдікке деген құмарлықтың кесірінен болатыны дәлелденген. Адам ағзасы алкогольді у ретінде қабылдайды және одан тез құтылуға тырысады. Спиртті ішімдіктер денсаулыққа кері әсерін тигізіп қана қоймай, теріні сақтап тұратын С, Е сияқты дәрумендерді жояды.

4. Тұз

Адам организміне тұз қажет, бірақ күніне 1,5 граммнан көп емес. Тұзды мөлшерден тыс пайдалану - судың ағзада қорытылуына кері әсерін береді. Сол себепті, көздің асты ісініп қапшық тәрізді болып қалады. Ғалымдар оның орнына басқа да дәмдеуіштерді пайдаланып көруге шақырады.

5. Грильде әзірленген тағам

Британия ғалымдарының мәліметінше, гриль терінің тез қартаюына алып келеді. Грильде дайындалған тағамда зиянды молекулалар пайда болады. Оның зияны дәл қуырылып жатқандағындай болады екен.

Айта кетейік, бұған дейін саумал сусынының пайдасы туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836065-adam-agzasyn-kartajtatyn-tagamdar-zajly-ne-bilesiz/