Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы әйеліне ренжіген ер адам онымен қылыштасқысы келетінін айтып сотқа өтініш тастады

Опубликовано:

АҚШ-тың Канзас штатының тұрғыны Дэвид Остром ажырасқаннан кейін бұрынғы жұбайы мен қорғаушысы оның түбіне жеткенін сөз етті. Осылайша, ер адам әйелінен "кек" алу үшін сотқа жүгініпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы әйеліне ренжіген ер адам сотқа онымен төбелескісі келетіні туралы өтініш тастады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұрынғы жұбайына өкпесі қара қазандай болған Дэвид онымен есеп айырысу үшін сотқа өтініш тастаған.

40 жастағы ер адам бұрынғы әйелімен самурай қылыштарымен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты. Ол сол үшін тіпті, жақын күндері қылыш сатып алмақ екен.

Дэвидтің мәлімдемесін әйелдің қорғаушысы мүлде құптамады. Ол мұндай қатыгездікке жол беруге болмайтынын айтып, сотқа өтініш тастады.

Судьяның қандай шешімге келетіні әзірге белгісіз. Алайда ол өтініштердің заң тұрғысынан дұрыс рәсімделмегенін айтып, екі тараптың да өтінімдерін қабылдамады.

Естеріңізге сала кетейік, Угандада некесін қидырған имамның жары жігіт болып шыққанын хабарлаған едік.

Мутумба есімді угандалық имам әйелдің киімін киген алаяқпен өткен жылдың соңында мешітте танысқан. Желтоқсан айында олар мұсылман салты бойынша той жасаған.

Екі апта бойы "Набукира" дін қызметкерінің алдында шешінуден бас тартып жүреді. Ол неке түні болмас бұрын күйеуін ата-анасымен таныстырғысы келетінін сылтауратқан екен.

Соңында ер адамның өтірігі ақыры әшкере болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1836583-bryngy-jeline-renzigen-er-adam-sotka-onymen-tbeleskisi-keletini-turaly-tinis-tastady/

pixel