Сүйісу кезінде адамнан адамға қандай вирус жұғатынын білесіз бе
Жарияланған күні:
Адам баласы шамамен бүкіл өмірінің екі аптасын сүйіктісімен сүйісуге жұмсайды. Бұл көпшілік үшін жағымды екені даусыз. Алайда сүйісу арқылы жұғатын аурулар да бар. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап қандай инфекциялардың жұғатынын анықтап көрді.
Әрбір адамның аузында миллиондаған микробтар кездеседі. Сондай-ақ тілде, қызыл иекте, тістің өзінде қауіпті инфекциялар болады.
Герпес вирусы
Медицина мамандары герпес вирусы (ұшық) ерінде пайда болатындықтан, оны қауіпті санайды. Бұл үш күннен жиырма күнге дейін жазылмай қоюы мүмкін. Дәрігерлер ұшық пайда бола салысымен мамандарға жүгіну керектігін ескертеді. Әйтпесе, жағдайыңызды ушықтырып алуыңыз мүмкін. Ұшығыңыз кетіп, ерніңіз өз қалпыңызға келгенше сүйісуден бас тартқан дұрыс.
Инфекциялы мононуклеоз
Бұл сүйісу арқылы ең көп берілетін ауру түрі. Мононуклеоздың белгілері баспа ауруына ұқсас келеді. Нақты диагнозды тек қан тапсыру арқылы анықтауға болады. Вирус қанға түсіп, бүкіл организміңізге тарап, ішкі ағзаларға зиянын келтіреді. Дер кезінде емделгеннің өзінде инфекция адам ағзасында мәңгілікке қалып қояды.
Цитомегаловирусты инфекция
Бұл вирус сілекей бездерінде өмір сүреді. Егер адамның иммунитеті мықты болса, онда оның денсаулығына еш зияны жоқ. Алайда денсаулығыңыз кішкене сыр берсе болды, вирус қоза шығады. Цитомегаловирус әсіресе аяғы ауыр әйелдер үшін қауіпті. Сондықтан дәрігерлер келіншектерге жүкті кезде сүйіспеуге кеңес береді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Америкада 17 жастағы бойжеткеннің "сүйіс ауруынан" көз жұмғаны хабарланған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837722-sjisu-kezinde-adamnan-adamga-kandaj-virus-zgatynyn-bilesiz-be/