Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда баласын бес мың АҚШ долларына сатпақ болған келіншек ұсталды

Опубликовано:

Өзбекстанның Андижан қаласында тәртіп сақшылары сегіз айлық баласын 5 мың долларға сатпақ болған әйел адамды қылмыс кезінде қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Жиырма жастағы Өзбекстан азаматшасы қызы мен оның туу туралы куәлігін 5000 АҚШ долларына сатып алушыға тапсыру кезінде ұсталды", - деді Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты "кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы бап бойынша жаза сегіз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің балалар омбудсмені Аружан Саин сәбилерді шетелдік азаматтар асырап алу үшін арнайы заң қабылдау керектігін айтқан болатын.

Осыдан кейін 60 баланы бауырына басып отырған алматылық ана сәбилерді шетелге сатуға қарсы шыққан.

"Шетелдіктерге бала сату – үлкен қате. Қаракөздерді жат елге жібергенше, бала сүйе алмаған отбасылардың асырап алуына жол ашу қажет", - деді ол.

"Перзент" балалар үйінің тәрбиеленушілері де наразылық танытты. Олар қолдарына плакат ұстап, "Шетелге бала сатылмасын" деп ұрандатқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838229-zbekstanda-balasyn-bes-my-aks-dollaryna-satpak-bolgan-kelinsek-staldy/

pixel