Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғашықтар күнін махаббат қаласында атап өту қанша тұрады

Жарияланған күні:

2020 жылы Әулие Валентин күні жұма күніне түсіп тұр. Ал бұл махаббат қаласы аталып кеткен Парижде демалыс күндерін өткізу үшін таптырмас мүмкіндік болып тұр. KAZ.NUR.KZ turizm.ru сайтына сілтеме жасап, Франция астанасында мерекені тойлауға қанша қаражат кететінін анықтады.

Ғашықтар күнін махаббат қаласында атап өту қанша тұрады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Франция астанасына жетудің ең қарапайым түрі Мәскеу арқылы ұшу. Алайда бұл сапарға аттанар билетті 54 914 рубльге, яғни, 340 мың теңгеге жуық ақшаға сатып алуға тура келеді.

Оған қоса, бұл сомаға жол сөмкесі кірмейді. Оны есептейтін болсақ, үстінен тағы 10-11 мың рубль, яғни, 65-66 мың теңге төлейсіз.

Ал сапарға ертерек аттансаңыз, бірнеше мың теңгеге арзан билет табуыңыз ықтимал.

Ұшудан бөлек, ғашықтар тұратын орынның да ақысын төлеуге міндетті.

Әулие Валентин күні Парижге саяхат жасаудың ең өзекті күн. Сол себепті төмен бағадағы жақсы қонақ үйден үмітіңізді үзгеніңіз жөн.

Мерекелік демалыстарда ең арзан қонақ үйдегі екі адамға арналған екі күндік бөлме 5 643 рубль, яғни, 34 140 теңгені құрайды.

Арзан қонақүйлер қала орталығынан алыс орналасқан. Орталықтан 1 км радиустағы пәтердің бағасы кемінде 15 267 рубльді құрайды.

Парижге саяхат жасаған адам дәмханаға кірмей, бұл жерден кете алмайды.

Франция астанасында екі адамға арналған түскі астың орташа құны кемінде 3500 рубльді, яғни, 21 175 теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Англияда қос ғашықтың минивэнді баспанаға айналдырып, әлемді шарлап жүргенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838474-gasyktar-knin-mahabbat-kalasynda-atap-tu-kansa-trady/