Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Amazon компаниясының басшысы небәрі 15 минутта 5 триллионға байып кетті

Жарияланған күні:

Amazon электрондық коммерция гигантының соңғы тоқсандық есебі барлық скептиктер мен талдаушылар үшін бұрын-соңды болмаған нәтижелер көрсетті. Осының әсерінен компанияның акциялары 12 пайызға өсіп, 15 минут ішінде оның негізін қалаушы Джефф Безосқа 13,2 миллиард доллар (шамамен 5 триллион теңге) пайда алып келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джефф Безос. Фото: Flickr
Джефф Безос. Фото: Flickr: UGC

Компанияның есебі постмаркетке айтарлықтай әсер етңп, ол 2020 жылы 30 қаңтарда коммерциялық гиганттың акциялар құнын 2,1 мың долларға (796 мың теңге) дейін көтерді.

Белгілі болғандай, бұл алдыңғы бағадан 12 пайызға жоғары.

Bloomberg мәліметінше, Amazon компаниясының пайдасы, есеп бойынша 87,4 млрд долларды (33,1 трлн теңге) құрайды, бұл әр акция 6,47 долларға (2453 теңге) бағаланады деген сөз.

Дегенмен сарапшылардың алғашқы үміттері айтарлықтай қарапайым болғанына қарамастан, әр акцияның өсу құны 4,11 доллар (1558 теңге) деген болжамға сәйкес болды .

Джефф Безос өзі құрған компанияның 12 пайыздық акцияларына иелік етеді. Қазіргі уақытта ол жалпы мөлшері 129,5 миллиард долларға жуық (49,1 трлн теңге) капиталды иеленеді.

Алайда, Bloomberg басшының тиімді кірісі Forbes миллиардерлерінің ресми рейтингісінде көрінбейтінін жария етті. Постмаркеттегі сауда тек бүгін, 2020 жылдың 31 қаңтарында жабылады, содан кейін нәтижелер шығарылып, ресми мәліметтерге түзетулер енгізіледі.

Безос капиталының бекітілген мөлшері - 116 миллиард доллар (43,98 трлн теңге).

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838816-amazon-kompaniasyny-bassysy-nebri-15-minutta-5-trillionga-bajyp-ketti/