jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жедел жәрдем көлігін сәнді баспанаға айналдырған қос ғашық әлемді тамсандырды

: UGC

Жаңа Зеландияда ескі жедел жәрдем көлігін сәнді баспанаға айналдырып, саяхаттап жүрген қос ғашық көпшілікті таңдай қақтырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем көлігін баспанаға айналдырған қос ғашық көпшілікті таңғалдырды
Фото: instagram.com/ontheroad_trip_again: UGC

Саяхатшы-блогерлер әлемді шарлауға қолайлы болатын фургонға ие болуды бұрыннан армандап келген. Сол себепті 24 жастағы Алексис Мартини мен оның 22 жастағы сүйіктісі Флави Меро арманын іске асыруға көшкен.

Саяхатшылар ескі жедел жәрдем көлігінен дөңгелегі бар баспана жасауға сегіз апта уақыт жұмсаған. Олар Жаңа Зеландияны 10 ай түгелдей шарлап шығуды мақсат еткен.

Студенттер бұл елге Франциядан ауысым бағдарламасы бойынша келген. Бұл олардың алғашқы саяхаты емес. Сол себепті қос ғашық өздеріне нақты не керек екенін біліпті. Алдыңғы жылы Алексис пен Флави 15 мың жаңазеландиялық доллар жинап, бұл қаражатқа ескі көліктен баспанаға айналдырған.

Олар ешқашан жөндеу жұмыстарымен айналыспаса да, YouTube желісіндегі видеолардың көмегімен көлікті жандандыра алған.

Қазіргі таңда көлдіктің ішінде көптеген тұрғын үйде жоқ дүниелердің бәрі бар. Саяхатшылардың баспанасында тоңазытқыш, биодәретхана, күн батареяларындағы электрмен қоректендіру жүйесі және душ бар.

Жөндеу жұмыстарына арналған материалдар мен жиһазды қосқанда қос ғашық 15 мың жаңазеландиялық доллар жұмсаған. Сол себепті жобаға жалпы 30 мың доллар кеткен.

Алексистің сөзінше, ол жөндеуге жоспарынан көп ақша жұмсапты. Алайда олар болашақта баспананы сатып жіберуді ойлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін англиялық қос ғашықтың минивэнді баспанаға айналдырып әлемді шарлағаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жедел жәрдем көлігін сәнді баспанаға айналдырған қос ғашық әлемді тамсандырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.