jitsu gif branding logo appbranding logo app
Тағам

    Суши мен роллдар адам ағзасына пайдалы ма әлде зиян ба

    : Instagram

    Суши мен роллдар - күріш, күріш сіркесуы, шикі балық, васаби, теңіз балдыры, жанжабіл мен соя соусынан жасалатын ерекше тағам. Бұл өнімді шынын айту керек қазіргі уақытта еліміздің тұрғындары көп тұтынады. Суши адам ағзасына пайдалы ма, әлде зиян ба? Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап көптің көкейіндегі сауалға жауап береді.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Басылым мәліметінше, сушидің құрамындағы теңіз өнімдері термиялық өңдеуден өтпейтіндіктен, құрамындағы дәрумен, минерал мен басқа пайдалы заттардың бәрін сақтап қалады.

    Теңіз балдырының (нори) құрамында кальций, темір мен йод өте көп.

    Ғалымдар васабиде антиоксиданттар мен С дәрумені болғандықтан, тіс пен қызыл иекті ауру мен шіруден қорғайтынын дәлелдеген.

    Ал жанжабіл ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

    Сушидің құрамында калорий аз болғанына қарамастан, тағам тойымды болып келеді.

    Сол себепті кейбір диеталардың ережесі бойынша, аптаның бір күні осы өнімді тұтыну керек.

    Сушидің зияны:

    Аллергиясы бар адамдар үшін қызыл балық зиянды болуы ықтимал.

    Асқазан ауруына шалдыққан немесе іш құрылысында жарасы бар науқастарға суши жемеген жөн.

    Көптеген мейрамханада суши мен роллдарды дұрыс дайындамайды. Шын мәнісінде теңіз тағамын жасау өте қиын.

    Жапонияда суши жасау барысында жаңа балықты пайдаланса, еліміздегі аспазшылар көбінесе бірнеше сағат, тіпті күні бойы жатқан "теңіз тіршілігін" қолдана береді. Ал бұл ағзаға зиян.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Суши мен роллдар адам ағзасына пайдалы ма әлде зиян ба

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.