Франциялық дәрігерлер басына жебе кірген адамды аман алып қалды
Опубликовано:
Франциядағы Реймс университеті клиникалық орталығының дәрігерлері басында арбалеттің жебесі тұрып қалған ер адамның өмірін құтқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Жебе ер адамның иек тұсынан кіріп, маңдайынан бір-ақ шыққан. Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде ол ес-түсін біліп жатқан, қансырамаған. Француздың аузын ашуға шамасы келмеген, себебі жебе оның ауыз қуысынан өтіп, бұлшықеттерін жиырып тастаған.
Дәрігерлер ота жасап, ер адамның бас сүйегіндегі жебені алып шықты. Науқас 48 сағат бойы жансақтау бөлімінде жатқан, кейіннен отоларингологтартың бақылауына берілді.

Бұған дейін америкалық ер адамның он жыл бойы миындағы құртпен өмір сүргенін жазғанбыз.
Техас штатының тұрғыны бір жыл бұрын футбол матчы кезінде есінен танып қалған. Осыдан кейін ол ауруханаға жүгініп, бірнеше айдан бері басының қатты ауыратынын, жүрегі айнып, жиі есінен танып қалатынын айтқан.
Зерттеу нәтижесінде оның миында ұзындығы төрт сантиметрдей белгісіз нәрсенің бары анықталған. Дәрігерлер ота жасау барысында ер адамның миынан таспалы құртты алып тастаған. Науқас толығымен дерлік айыққан.
Сондай-ақ қатерлі ісік диагнозы қойылған ер адамның миынан 15 жыл бойы өмір сүрген құрт шыққанын хабарлағанбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839734-francialyk-drigerler-basyna-zebe-kirgen-adamdy-aman-alyp-kaldy/