Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей тұрғыны өзге адам жасаған қылмыс үшін 9 жылын жындыханада өткізген

Опубликовано:

Ресейде 35 жастағы ер адам соттың қателігінен өзге адам жасаған қылмыс үшін тоғыз жылын жындыханада өткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

2005 жылы Екатеринбургтегі "Победа" саябағынан Гимаева деген азаматшаның денесі табылған. Сол кезде қылмыс орнына жақын маңда тұрған 20 жастағы Кряжев деген жігіт күдікті деп танылған.

"Азаматтарға көмек бюросы" ұйымының басшысы Юрий Потапенконың айтуынша, Кряжев писхикасында мәселелері болғандықтан адам өлтіргенін мойындап, тергеушілерге қылмысты қалай жасағанын көрсеткен.
Кейінірек Кряжев берген куәлігінен бас тартып, алиби сұрапты. Алайда істі қайта қарамаған. 2006 жылы оны есі дұрыс емес деп танып, жігітті жындыханаға жатқызған.

2015 жылы ер адам бостандыққа шығады. Содан екі жыл өткен соң оған нағыз қылмыскердің табылғанын айтып, прокуратура кешірім сұрапты.

Кряжев тоғыз жылын жындыханадан гөрі колонияда өткізгенім дұрыс болар еді дейді. Себебі, жындыханада ол көптеген дәрілік затты ішіп, денсаулығын мүлдем құртып алған. Тіпті, барлық туыстары мен достары одан теріс айналған.

Енді Кряжев заңсыз қылмыстық қудалауға байланысты мемлекетке моральдық шығынын өтеу туралы арыз берген. Сондай-ақ ол қылмыстық іске қатысы барлар, прокурорлар, тергеушілер мен судьяларды жауапкершілікке тартпақ ниетте.

Айта кетсек, Шымкентте жеті жылға сотталған 42 жастағы азамат жазасының төрт жылын өтеген соң ақталып шыққанын хабарлаған едік.

42 жастағы Роман Цой өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, өзіне келтірілген зиян үшін 20 млн теңге өтемақы сұраған. Алайда оның талабының төрттен бір бөлігі ғана қанағаттандырылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840457-resejde-er-adam-zge-adam-zasagan-kylmys-sin-9-zylyn-zyndyhanada-tkizgen/

pixel