Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кальянның қаншалықты зиян екенін білесіз бе

Опубликовано:

Қоғамда "кальян шегу зиян және зиянсыз" деген пікірлер қалыптасқан. Қазіргі уақытта аталған өнімді ер азаматтардан бөлек, нәзік жанды аруларымыз да тұтынып жүр. Бұл туралы ғалымдар не дейді? Кальян адам денсаулығына қаншалықты зиян? Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтына сілтеме жасап көптің көкейінде жүрген сұрақтың жауабын ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Кальян денсаулыққа аса қауіпті емес деп айтылғанмен, дәрігерлер зерттеулер нәтижесінде оның өкпе ауруын, жүрек қан тамырларының ауруын және рак тудыруы мүмкін екенін анықтаған.  

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау орталығының жасаған талдау қорытындысына сәйкес, аталған өнімнің түтіні темекінің құрамындағыдай мөлшерде қара май, ауыр метал және көмірқышқыл газынан тұратыны белгілі болды.

Мамандар түтікшедегі су никотиннің аздаған мөлшерін ұстап қалатынын жеткізді.

Бір сағат шегілген кальян 100 тал темекі шеккенмен тең болады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Кальянды аз мөлшерде пайдалану жүйке жүйесіне әсер етеді, ал мөлшерден көбірек қолдану сал ауруын тудырады.

Никотинді ұзақ уақыт аз мөлшерден жұту никотинизмге (никотинге тәуелділік) алып келеді.

Еске сала кетсек, "Қалаулымның" бұрынғы қатысушысы кальян шегетін қыздарды аяусыз сынаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1840661-zigittermen-birge-kyzdar-da-segip-zrgen-kalan-kansalykty-zian/

pixel