Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарға оқуға болмайды: 8 наурызда қалтаңызды қақпайтын 8 сыйлық

Опубликовано:

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі жақындап қалды. Осыған орай, ер азаматтар мен жігіттердің жақындарына қандай сыйлық аламын деп басы қатып жүргені анық. KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап кез келген жастағы нәзік жандыға беруге болатын әмбебап әрі қолжетімді бағадағы сыйлықтар тізімін ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

1. Бьюти-бокс

Көрнекі фото: iruldina.com
Көрнекі фото: iruldina.com: Instagram

Қыздардың басым бөлігі косметиканы немесе күтім құралдарын жақсы көреді. Сол себепті бьюти-бокс сатып алуға болады.

2. Термосаптыаяқ

Көрнекі фото: pinterest.com
Көрнекі фото: pinterest.com: Instagram

Бұл сәнді әрі стильді аксессуар серуенге, саябаққа немесе жұмысқа алып жүруге ыңғайлы. Қалауыңызға қарай, термосаптыаяқты безендірілген қорапқа салып, оның қасына шай, кофе және тәттілер салуға болады.

3. Шоппер немесе эко-сөмке

Көрнекі фото: gstatic.com
Көрнекі фото: gstatic.com: Instagram

Кез келген жастағы нәзік жандының көңілінен шығатын сыйлықтың бірі - эко-сөмке. Ол - өте ыңғайлы. Бұны тұрмыста қыз-келіншектер кеңінен қолдана алады. Сондай-ақ, сәнді шопперді серуендеуге де ұстап жүруге болады. Олар көбіне минимализм стилінде жасалады.

4. Жамылғы немесе пижама

Көрнекі фото: freepik.com
Көрнекі фото: freepik.com: Instagram

Жамылғы немесе пижама - жақындарыңызға арналған ерекше сыйлықтың бірі. Бұлар ешқашан артық етпейді және үйде де қажет болады. Оның үстіне жамылғы мен пижама жайлылық сөзімен үйлесім табатындықтан, оларды сыйлыққа алған адам жағымды көңіл күйде қабылдары анық.

5. Клатч

Фото: dompodarkov.by
Фото: dompodarkov.by: Instagram

Клатч - қолжетімді бағаға табуға болатын пайдалы сыйлықтың бірі. Оны әйелдер көбінеcе кешкі кездесулерге немесе тойларға ұстап барады. Сол себепті қыз-келіншектер үшін тағы бір ерекше аксессуар артық етпейді.

6. Сүлгілер жинағы

Фото: crazy.casa
Фото: crazy.casa: Instagram

Үй ханшайымдары бұл сыйлықты бағалауы тиіс. Себебі ол – тұрмыста міндетті түрде керек болатын сыйлық.

7. Кітап немесе кеңсе тауарлары

Көрнекі фото: knigge.ru
Көрнекі фото: knigge.ru: Instagram

Сыйлық берушінің қызығушылығына қарай кітап таңдау да дұрыс шешім. Сондай-ақ, блокнот, күнделік, қаламдар жинағы және басқа да кеңсе тауарларын сыйлық қорабына салып ұсынуға болады.

8. Жемістен немесе тәттіден жасалған гүлшоғы

Көрнекі фото: flowwow.com
Көрнекі фото: flowwow.com: Instagram

Қазіргі уақытта жемістерден, кепкен жемістерден және тәттілерден жасалған гүлшоғырлар өте көп. Оның дайын түрлері еліміздің кез-келген қаласынан оңай табылады. Ерекше сыйлықты қолдан жасау да қиын емес. Ол үшін ұзын ағаш таяқшалар, скотч, гүлшоғырын орайтын әдемі қағаз бен жемістер қажет. Youtube желісінде осы сыйлықты дайындаудың жолын көрсететін видеолар бар. Бір қарап шықсаңыз, сіздің де қолыңыздан келетіні анық.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Кез келген әйелге сыйлық алған ұнайды. Ол ұсақ-түйек болса да, нәзік жандылар сіздің ниетіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалайды. Сондықтан егер жақыныңызды, құрбыңызды немесе әріптесіңізді әдемі әрі пайдалы сыйлықпен қуантқыңыз келсе, біз ұсынған кеңесті орындауызға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін үйіңізге келген қай қонақты сыйлықсыз қайтаруға болмайтынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842564-kyzdarga-okuga-bolmajdy-8-nauryzda-kaltayzdy-kakpajtyn-8-syjlyk/

pixel