Қасының арқасында келбетін адам танымастай өзгерткен арулар кімдер
Жарияланған күні:
Өткен ғасырдың 80-жылдары қыз-келіншектер сұлу көріну үшін қалың қастарын жұлып тастайтын. Ол кездегі сән бойынша, нәзік жандылардың қасы дәл жіп секілді жіп-жіңішке болуы керек еді. Алайда бүгінде ол тренд өткен күннің еншісінде қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі таңда жіңішке қастардың орнына қалың, табиғи пішіндегі қастар сәнге айналды.
Сол себепті көптеген арулар қасын өсірудің түрлі амалдарын жасап, оны әртүрлі пішінге айналдыруға тырысуда. Алайда көп жағдайда бұл әрекеттер сәтсіз аяқталып, нәзік жандылардың сырт келбеті өзгеріске ұшырап жатады.
Осы орайда KAZ.NUR.KZ Adme.ru-ге сілтеме жасап қастың бет-әлпетті қалай өзгерте алатынын көрсетеді.
Аталған суреттерді арулар әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап қастарын өзгертудің арқасында сырт келбеттерін айтарлықтай өзгерткендерін айтты.
"Мен бұл коллажды 40 келіге қалай арықтағанымды көрсету үшін жасағанмын, алайда қастарымның қалай өзгергенін де байқадым", - деп жазды бірі.
"Қасымның бар екенін түсінгенге дейінгі және кейінгі сурет", - деп жазды тағы бір ару.
"Үстіңгі сурет 6 жыл бұрын жасалған. Ол кезде мен қасымды бояп, жұлатынмын", - дейді бойжеткен.
"10 жыл өтті. Қалай ойлайсыздар қасымды ретке келтіре алдым ба?" , - дейді әйел адам.
"15 жас пен 19 жас! 16 жасымда қасымды жөндеп, безеулермен күресе бастадым", - дейді тағы бір бойжеткен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін азиялық блогерлердің макияжға дейінгі және кейінгі келбеті жұртты таңырқатқаны туралы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842606-kasyny-arkasynda-kelbetin-adam-tanymastaj-zgertken-arular-kimder/