Үш мың теңге тұратын шалбар киіп алған Кейт Миддлтон жұртты таңғалдырды
Жарияланған күні:
Уильям ханзаданың жары Кейт Миддлтон көпшілікті образымен таңғалдырды. Герцогиня іс-шараға үш мың теңге тұратын шалбар киіп келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
26 ақпан күні герцогиня Баритания елордасында олимпиадалық стадиондағы іс-шараның қонағы болды.
Кейт юниорлар мен спортшылармен тілдесіп қана қоймай, өзі де жарысқа қатысты.
Десе де, баспасөздің назары Кейттің киіміне ілікті. Герцогиня бұл жолы тағы аса қымбат емес Zara брендінің киімін киіп шығыпты.
Бұған дейін Уильям ханзаданың жары бұл брендтің киімін бірнеше рет түрлі іс-шараларға киген.
Атап өту керек аталған брендтің дүкеніндегі бағалар "корольдерге" арналмаған. Аталған маркалы киім орташа табыс табатын адамдар арасында танымал.
Осылайша, The Sun басылымының мәліметінше, спорттық іс-шараға Кейт Zara брендінің 6 фунттық, яғни, 2931 теңге тұратын шалбарын таңдапты.
Ал Кейттің аяғындағы крассовканың құны 29 фунтты, яғни, 14 мың теңгені құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жыртық бәтеңке киген Уильям ханзаданың күлкіге қалғаны туралы жазған едік.
Экономикалық форумда Уильям ханзада ғаламшардағы экологиялық жағдай туралы тележүргізуші Дэвид Аттенбородан сұхбат алуы керек болған.
Әңгіме барысында Кембридж герцогы аяғын қимылдатып қалады. Сол уақытта тілшілер ханзада бәтеңкесінің жыртық екенін аңғарған екен.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1842999-is-saraga-s-my-tege-tratyn-salbar-kiip-kelgen-kejt-middlton-zrtty-tagaldyrdy/