Өркениеттен алшақ жатқан каро тайпасы жайлы не білесіз
Жарияланған күні:
Эфиопиядағы Омо өзенінің алқабында каро атты ең кішкентай тайпа өмір сүреді. Өркениеттен ауылы алшақ жатқан аборигендер жайлы қызықты материалды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап ұсынады.
Каро тайпасындағы адамдар саны 2000-ға жуықтайды. Тайпа Омо өзенінің алқабын мекендейді.
Қауымдастық мүшелері күл мен жануардың майынан жасалған бояудан жауынгерлік үлгіде басынан аяғына дейін боянып алады.
Аборигендер жануарлардың терісінен жасалған киім киіп, оны ақ қабыршақпен безендіреді. Ерлердің бәрінде дерлік 50 жыл бұрын еуропалық туристер сыйға тартқан мылтық бар.
Қару ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп, жауларды қорқыту үшін қолданылады. Соғыс бейнелі бояуларына қарамастан, каро халқы өте мейірімді және жылы шырайлы болып келеді.
Аборигендер егістік жерлерді ұрықтандыру үшін жаңбырлы маусымда су тасқынынан кейін қалған тұнбаны пайдаланады. Жақында Эфиопия үкіметі өзенге су бөгетін салды, бұл судың табиғи ағымын өзгертіп, салдарынан тайпалық егіншілікке зиян келген.
Сонымен қатар тайпа 2012 жылға дейін минги рәсімі кезінде мүгедек сәбилерді суға батыратын болған. Себебі каро мүшелерінің ойынша, физикалық кемістіктер тайпаға зиянын тигізер қарғыс деп есептеді. Кароның адамдары бұл рәсімнен бас тартқанымен, басқа да африкалық тайпалар әлі күнге осы дәстүрді ұстанады.
Айта кетейік, аборигендер денелерінде таңғажайып суреттерді сұлулық пен соғыс үшін жасайды.
Еркектер әйелдерге қарағанда жарқын және батыл көріну үшін өздерін ерекше етіп бояйды. Олар боялған жауынгер қарсыластың бойында үрей туғызады деп санайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1849699-sogys-boauy-men-zabajy-nanym-karo-tajpasy-zajly-ne-bilesiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.