Әлемге танылған ерекше спорт түрлерін білесіз бе
Жарияланған күні:
Футбол, теннис, спорттық күрес, мәнерлеп сырғанау - бүгінде бұлар жайлы білмейтін адам жоқ шығар. Алайда әлемде ерекше әрі қызықты спорт түрлері өте көп. Олардың кейібірі, тіпті, ел арасында танымалдыққа ие. Осы орайда KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап, әлемдегі ең қызықты спорт түрлерінің тізімін ұсынды.
Төсекте жатып жүгіру
60 жылдардағы америкалық әскерилердің бұрынғы қызығушылығы ұрпақтарының арасында да кең танымалдыққа ие болған. Ойын ережелері оңай. Астында су, үстінде адамы бар төсекті төрт адам итеріп, мәреге бірінші болып жетуі тиіс.
Шұбалшаңдарды таңғалдыру
Бұл спорт түрі Ұлыбританияда өтеді. Оның түп тамыры белгісіз. Алайда аталған спорт түрі әлемге әйгілі. Себебі Чеширде жыл сайын Дүниежүзілік чемпионат өтеді. Оның ережесі мынадай: Қатысушыларға 3х3 метр жер беріледі. Олар 30 минутта сол жерден шұбалшаң табуы керек. Жәндіктің бұл түрін кім көп тапса, сол жеңіпмаз болады. Халықаралық деңгейдегі жарыстардағы жеңіс үшін тіпті жүлде беріледі.
Экстремалды үтіктеу
Бұл ойынның еш қиындығы жоқ. Бар-жоғы үтікті алып, ерекше жерге барасыз. Үтіктеу кезінде теңіз толқынымен жүзуге немесе парашюттен секіруге болады.
Сүлгі лақтыру
Бұл спорттың түрінде адамдар екі топқа, яғни, лақтыратындар және ұстап алатындар болып бөлінеді. Сүлгіні лақтыратындар бір адамды таңдайды, ал қалғандары оны қоршап тұрады. Ойыншы алдын ала сыраға малынған сүлгіні қатысушыларға дәл тигізуі керек. Егер ол дегеніне жетсе, бір ұпай сүлгі лақтырған командаға тиесілі болады. Алайда ол жеңілсе, белгілі бір мөлшерде сыра ішуге міндетті болады. Ойын барлық 4 раунд ойналып біткенде аяқталады.
Жұбайларымен жүгіру
Бұл ойында ер адамдар әйелдерін иығына салып, бөгеттерге толы жолдар арқылы жүгіріп өтуі тиіс. Жеңімпазға жұбайының салмағына тең сыра бас жүлде ретінде беріледі. Кейбір қатысушылар бұл іс-шара үшін арнайы киім тіктіреді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемдегі ең үздік қақпашылар туралы жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1852260-lemge-tanylgan-erekse-sport-trlerin-bilesiz-be/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.