Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші рет үйлену үшін жұбайын өлтірген ер адам жаға ұстатты

Жарияланған күні:

Үндістаның Коллама қаласының 27 жастағы тұрғыны жыланның көмегімен әйелін өлтірмек болған. Белгілі болғандай ол мұндай қадамға екінші әйел алу үшін барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ге сілтеме жасап.

Екінші рет үйлену үшін жұбайын өлтірген ер адам жаға ұстатты
Фото: twitter.com/IndiaToday: UGC

Сурадж есімді жігіт улы жылан сатып алып, оны өзінің 25 жастағы әйелінің бөлмесіне тастап жіберген. Жануар әйелді шағып алғанымен, ол тірі қалады. Алайда оған екі ай ауруханада жатуға тура келеді.

Ал жұбайын өлтірмек болған ер адамның ісі жазатайым оқиға деп танылып, ол жазадан құтылып кетеді.

Сонымен қатар ол мұнымен қоймай, ойға алған ісін соңына дейін жеткізуді жоспарлайды.

Ол үшін Сурадж ауруханадан шыға сала ата-анасының үйіне аттанған әйеліне барып, бұрынғы іс-әрекетін қайта қайталайды. Бұл жолы ол кобраны сатып алып, ұйықтап жатқан жұбайының бөлмесіне кіреді.

India Today-дың жазуынша, ер адам жыланның жорғалап кетпей, құрбанын шағып алуын қадағалап, оны өз қолымен ұстап тұрған. Таңертең келіншек жансыз күйде табылған.

Әйел адамның өліміне Сурадж бірден күдікті деп танылған. Құқық қорғау органдары ер адамның жыланды сатып алғанын және соңғы бірнеше айдан бері олармен өзін қала ұстау керектігін үйреніп жүргенін анықтаған.

Ал әйелін өлтіруге ақаша себеп болған көрінеді. Белгілі болғандай, Сурадж Утраға үйленген кезде оның ата-анасынан 100 алтын тиын, жаңа көлік пен 500 мың рупи қаржылай сыйлық алған.

Кейін ол әйелін тастап, басқаға үйленбек болған. Алайда тойда алған сыйлықтарынан айырылып қалудан қорықса керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үндістанда жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1858006-ekinsi-ret-jlenu-sin-zbajyn-ltirgen-er-adam-zaga-statty/