Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмағы 130 келі болған жігіт 57 келіге арықтап, қыздардың арманына айналды

Жарияланған күні:

Лондонда тұратын 26 жастағы Харви Куирк ұзақ жылдардан бері артық салмақпен күресіп келген. Фаст-фуд пен газдалған сусынды жаны сүйген жігіт өзінің сегіз жылда 130 келі жинағанын байқамай да қалған. Сүйіктісі үшін арықтауды қолға алған ол бүгінде көптеген арулардың арманына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Салмағы 130 келі жігіт сүйіктісі үшін 57 келіге арықтаған
Фото: facebook.com/Harveyquirke: UGC

Харви артық салмағы үшін сүйіктісі Грейс пен оның ата-анасының алдында сырт киімсіз жүруге ұялған.

Тек сол кезде жас жігіт жағдайдың енді бұлай жалғаса алмайтынын, тез арада арықтауды қолға алу керек екенін түсініпті.

Әуелі қалай салмақ тастау қажет екенін білмеген Харви бірден аштық жариялаған.

Алайда фаст фуд пен газдалған сусыннан бас тартқаннан кейін жас жігіт жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе бастапты.

  • Ол арықтау нәтижесінде 57 келі салмақ тастаған.

Жаттығу залына барып жүрген кезде Харви веган жаттықтырушымен танысып, дұрыс тамақтануға ден қоя бастайды.

Осыдан кейін жігіт бірден салмақ тастаған. Ал көп ұзамай оның өз-өзіне деген сенімділігі де артқан көрінеді.

"Мен жаңа адамдармен кездесіп, кез-келген іс-шараға қатысып, белсенді жүруді ұнаттым. Бірақ салмағым кедергі келтірді. Достарыммен саябақта немесе жағажайда көңіл көтере алмадым. Қазір мен өзімді әлдеқайда сенімді сезінемін, денем сағат сияқты жұмыс істейді", - деді жігіт.

Естеріңізге сала кетейік, диетолог карантинде сериал көріп, тамақ жейтін халықты қатаң сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1859477-salmagy-130-keli-bolgan-zigit-57-kelige-aryktap-kyzdardy-armanyna-ajnaldy/