RU

30 жыл ауырып көрмеген ер адам сырымен бөлісті

Қытайлық Шэньси провинциясының 50 жастағы тұрғыны 30 жылға жуық уақыт ауырып көрмеген. Осы орайда ер адам мықты денсаулықтың сырымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

30 жыл ауырып көрмеген ер адам сырымен бөлісті
Фото: Видеодан кадр: UGC

Чэнь Хайганның 30 жылдан бері ауырып көрмеуіне екі қолына сүйеніп, маймыл секілді күнделікті жүруі себеп болғанға ұқсайды.

Ер адамның сөзінше, ол 30 жылдан бері тек осылай қозғалады.

"Мен 20 жасымда осы жаттығуды жасап, қолыма сүйеніп жүретін болдым. Хайуанаттар бағында болғанымда маймылдарды көріп, қызықтым. Оларға еліктей бастадым", - дейді ер Чэнь.

Қытайлықтың айтуынша, маймыл жүріс бұлшықеттерді нығайтады екен. Сондай-ақ, ол осылай қозғала бастағалы бері құлақ шыңылынан және тіс ауруынан арылыпты.

Айта кету керек, Чэньге ешқашан суық тиіп көрмеген.

Жуырда ер адам маймылдардан тағы бір әдісті үйреніпті. Енді ол ағаштарға өрмелеп, бұтақтан бұтаққа секіретін болған.

"Ағаштарды көрсем, олардың басына шыққым келіп тұрады", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төрт жыл бойы "жуынбаған" дәрігердің көпшілікті өзінен үлгі алуға шақырғаны туралы жазған едік.

Джеймс Гамблин тек қолын, беті мен шашын жуу үшін душты пайдаланады. Сонымен қатар ер адам арнайы құралдарды қолданбайды.

Джеймс біраз уақыттан кейін денесі тұрақты күйге келгенін және өзінен жағымсыз иіс шығуы тоқтағанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862227-30-zyl-auyryp-krmegen-er-adam-syrymen-blisti/