Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашықтықтан жұмыс істеген адам 25 жылдан кейін қандай болмақ (фото)

Жарияланған күні:

Зерттеушілер кеңсе жұмысының зияны жайлы жиі айтады. Ал DirectlyApply британиялық компаниясы үйден жұмыс істегеннің қаншалықты зиян екенін анықтамақ болған. Бұл үшін компания өкілдері фитнес, медицина және клиникалық психология саласындағы мамандардың көмегіне жүгінген деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Қашықтықтан жұмыс істеген адам 25 жылдан кейін қандай болмақ (фото)
Фото: © DirectlyApply: UGC

Мамандар үйде отырып жұмыс істеген әйелдің келбетін жасап шығарды.

Ұзақ жылдар қашықтықтан қызмет еткен Сьюзанның кейпі кім-кімді болсын, үрейлендірмей қоймайтыны анық.

Британиялық әйел ғылыми жұмыстың негізі болған. Мамандар оның денесін 25 жыл бойы үйде отырып жұмыс істегендей етіп жасаған. Нәтижесінде үйде отырып жұмыс істегеннің салдары көрсетілген. Сюзан уақытының көп бөлігін бір орында отырып өткізгендіктен адам шошырлық күйге енген. Сонымен қатар, ол үнемі компьютермен жұмыс істегендіктен көру қабілеті нашарлаған.

Қашықтықтан жұмыс істеген адам 25 жылдан кейін қандай болмақ (фото)
Фото: © DirectlyApply: UGC

Үйде отырып жұмыс істегеннің салдары мұнымен бітпейді.

Сюзан далаға сирек шығады. Демек, D дәруменінің жетіспеушілігінен оның шашы да жылдам түсе бастайды.

Сондай-ақ, түрлі гаджеттерді қолданғандықтан оның мойны ауыра бастайды. Ал монитордан шығатын сәуле оның терісіне кері әсер етіп, қартайтып жібереді.

Мамандар осылайша тәжірибе арқылы үнемі үйде отырып жұмыс істеудің салдарын көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енген болатын.

Оған сәйкес мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1863949-kasyktyktan-zmys-istegen-adam-25-zyldan-kejin-kandaj-bolmak-foto/