RU

Онлайн сабақта отырған оқушылар мұғалімнің артындағы елестен шошынды

Ара-қашықтықтағы оқуының қалай өтіп жатқанын видеоға түсіріп алған мексикалық оқушы роликті әлеуметтік желіге жүктеді. Бейнежазбадағы құбылыс көпшілік назарын аударып, жұртты жаға ұстатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Мектеп оқушылары
Фото: Видеодан кадр: UGC

Кадрда Мексикадан шыққан мұғалімнің балаларға сабақ үйретіп отырғанын көруге болады. Бір мезетте балалар шулап, оның артында белгісіз біреудің тұрғанын айтып, айқайлай бастады.

Ер азамат өзі жалғыз тұратындықтан, балалардың сөзіне сенбей қойған. Сол кезде оқушы оны видеоға түсіріп, мұғалімнің өзіне көрсетіпті.

Fredygzzr желі қолданушысының сөзінше, оқытушы соңында балалардың сөзіне сенген. Сабақ түсірілген бейнежазбаны көргеннен кейін ол осындай жағдай қайта қайталанатын болса, киімдерін жинап, көшіп кететініне уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, екі сағат бойы бос отырғанын видеоға түсірген жігіт желіде жұлдыз болды.

Индонезиялық Дидит есімді блогер желіге екі сағатқа жуық уақыт тапжылмай отырған видеосын жариялаған. Аталған видео желі қолданушыларының назарын аударып, үлкен пікірталастың туындауына себеп болды.

Бір қызығы, видео бірден көрермендердің көңілінен шығып, 1,1 миллион рет қаралды, сондай-ақ, Дидидің арнасына жазылған адамдар саны да күрт өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1868054-onlajn-sabakta-otyrgan-okusylar-mgalimni-artyndagy-elesten-sosyndy/