Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеу жігіттен жүкті болып қалғанын айтқан қонақ тойда шу шығарды

Опубликовано:

Той2
Фото: Видеодан кадр

Американың Мичиган штатындағы Детройт қаласында неке қию рәсімі кезінде қызықты жайт орын алған. Белгілі болғандай үйлену тойына күтпеген қонақ келіп, күйеу жігіттен жүкті болып қалғанын айтып, мерекенің шырқы бұзылған. Ал бұл сәт видеоға түсіп қалып, ТікТок желісінде жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Неке қию рәсімі кезіндегі келеңсіз жайтты шақырылған қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған.

Кадрдан қос ғашықтың дін қызметкерінің сөзін тыңдап тұрғанын көруге болады. Дәл осы сәтте кенеттен ашуға булыққан әйел адам пайда болып, неке қию рәсімін тоқтатуға тырысқан.

Ол күйеу жігітке: "Энтони! Мені танымайтындай кейіп танытып тұрсың ба? Бүгін жүйкеге арналған дәріңді қабылдауды ұмытып кеттің бе?", - деп айқайлады.

Десе де, дін қызметкері қонақтың сөзін елемей, қалыңдық пен күйеу жігіттің некесін қиюды жалғастырады.

Осы кезде келіншек қайтадан: "Энтони, мені естіп тұрғаныңды білемін! Мен жүктімін", - дейді.

Мұны естіген қалыңдықтың қызы қолында тұрған гүл шоғын әйел адамға қарай лақтырып жіберіп:

"Менің анамның тойынан кеткенің жөн болар. Сенің есің дұрыс па?", - дейді ару.

Видео бойжеткеннің келіншекке қарай кетіп бара жатқан жерінен үзіліп қалды.

TikTok желісінде жарияланған видео 10 миллионға жуық қаралым мен 1,8 миллионнан астам лүпіл жинаған.

Тіпті желі қолданушылары ең қызықты жерін түсірмеген операторға назын айтқан.

"Оператор, сен жұмысыңды дұрыс атқара алмапсың. Ең қызықты жерін түсірмегенің қалай?", - деп жазды олар.

Желідегілердің арасында тойдың немен аяқталғанын білгісі келген жандар да табылды. Олар видеоның жалғасын көргісі келетінін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодарда карантин кезінде қыз ұзату жасағандар әшкере болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Екібастұзда бақылау тобы карантин кезінде той өткізбек болғандардың үстінен түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1868339-kjeu-zigitten-zkti-bolyp-kalgan-konak-tojda-su-sygardy/

pixel