Үйін тазаламақ болған әйел адам көз жұмды
Жарияланған күні:
Британиялық әйел адам үй тазалау кезінде екі жуғыш затты араластырып, демікпеден қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай 34 жастағы Сесилия Мур жуынатын бөлмені тазалау үшін ағартқыш құрал мен аты аталмаған жуғыш затты араластырған.
Дәл сол сәтте әйелдің үйіне келген басшысы есікті аша сала химиялық улы иісті сезген.
Kp.ru басылымының хабарлауынша, ол келіншекті сыртқа шығарған, алайда сол кезде оның тыныс алуы қиындаған. Ал кейіннен тіпті есін жоғалтқан.
Басшысы жедел жәрдем шақырып, әйелді бірден ауруханаға жеткізген.
Алайда оның жағдайы сол күйі жақсармай, төрт күннен кейін қайтыс болған.
Марқұмның анасының сөзінше, төтенше жағдайлар қызметі ваннада екі химиялық заттың қоспасынан газ пайда болғанын айтқан.
"360" телеарнасының ақпарынша, әйел ағартқышты дәретханаларды жууға арналған затпен араластырған болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде демікпенің өршуіне әкеп соққан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жүрегі тоқтап қалған қытайлық арудың үш күннен кейін көзін ашқаны турлы жазған едік.
Бойжеткенге шілденің ортасында суық тиіп, ол фульминантты миокардитке әкелген. Жүрек бұлшықетінің ауруы өз кезегінде кардиогенді шок тудырған.
Ал біраз уақыттан кейін оның жүрегі мүлде тоқтап қалған. Дегенмен қытайлық дәрігерлер оны аман алып қалудың жолын тапқан.
Сондай-ақ, тоғыз жасар америкалық Кимора Линумның ұйықтап жатқан кезде коронавирустан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1869336-jin-tazalamak-bolgan-jel-adam-kenetten-kz-zmdy/