Ерлер арасында нәзік жандылардан қалыспай тырнақ бояу сәнге айналуда

Опубликовано:

Тырнақ бояу
Фото: Instagram

Шетел ер азаматтары арасында нәзік жандылардан қалыспай тырнақ бояу күн санап сәнге айналуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы жылдары Батыста әйел мен ер адамның ара жігін ажырату барған сайын қиынға түсіп жатқандығы жасырын емес. Шетел азаматтарының әйел затынан қалыспай тырнақ бояуды сәнге айналдыруын осы құбылыстың бір көрінісі деуге болады.

Айта кетсек, бірінші болып тырнақ бояған ер азаматтар қатарында рок-музыканттар бар. Дэвид Боуи, Мик Джаггер немесе Элис Купер сынды белгілі тұлғалар 30–40 жыл бұрын ғана боялған тырнақпен ел назарына шыққан болатын. Десе де мұны тек образға ену деп айтуға болатын еді.

Ал бүгінде америкалық рэперлерден бастап, өзге де сала иелерінің ер азаматтары тырнақты сән үшін бояуға кіріскен.

Мәселен, Марк Джейкобс жиі боялған тырнақпен жүргенді ұнатады.

Одан бөлек Джонни Депп, Бруклин Бэкхэм, Гарри Стайлс және өзгелер де тырнағын бояуды әдетке айналдырған. АҚШ елінде ер азаматтың тырнақ бояуы қалыпты жағдайға айналған десек те болады.

Ал маникюр жасайтын мамандар клиенттердің арасында ер азаматтардың қатары жиілеп бара жатқанын жасырмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда қыздың артынан қымбат дүние апару сәнге айналғанын жазған болатынбыз. Тіпті, көпшілік қыздың артынан апаратын жүгін жинағанда бәсекелестікке де бой алдырады екен. Одан бөлек жақын арада Алматыда сән салондары өз жұмыстарын жалғастыра алатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871177-erler-arasynda-nzik-zandylardan-kalyspaj-tyrnak-boau-snge-ajnaluda/